Хамза Қиқымов – өз ісіне шынайы берілген суретші. Ол шығармашылық олимпінің биігіне ешқандай да бір ың – дыңсыз, кездейсоқ сөзсіз, өзін – өзі жарнамаламай-ақ ұмтылған және табанды түрде искусство жайлы өз көзқарасын білдіруге тырысатын суретші. Ол үшін Хамза Қиқымов пленермен тыңғылықты жұмыс жасап, картинасын жазып, шығармашылықтың сан қилы жолдары мен формалары туралы өз пайымын тұжырымдайды. Суретші исскуствоның шоқтығы биік саласы деп кескіндеме өнерін санайды және кенепке түскен бояуды - адамның рухани өресін биіктететін ең маңызды құбылыс деп түсінеді. Х.Қиқымов осы сенімін өткен ғасырдың 70 жылдарынан бері талмай, тұрақты түрде дәлелдеп келеді.